jasqazaq.kz

Алматыдағы құрылыста жұмысшы әйел зорланған

30 наурыз 2021, 12:17

BI Group компаниясы #НеМолчиKZ қорының мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бүгін қор өкілдері компания басшысы Айдын Рахымбаевқа үндеу жасаған болатын. 23 наурызда #НеМолчиKZ қорына BI Group компаниясы салып жатқан нысанда жұмыс істейтін қыздың құрбысы көмек сұраған. Оның айтуынша, құрбысы жұмыс орнында зорланған. Жәбірленуші лифтер болып жұмыс істеген. Одан бөлек, оның міндетіне — бояқ беру кірген. Бояқты алуға үнемі әктеушілердің бригадирі келетін. Бригадир үнемі жәбірленушіге тиісіп жүрген, алайда ол сүйіктісі барын айтқан.

21 наурызда жұмыс уақыты аяқталар кезде қызметкер жәбірленушіге хабарласып, жұмыс бойынша келетінін айтқан. Бригадир бос жұмыс орны барын айтқан, алайда жәбірленуші қыз ойланатынын, оны астында сүйіктісі күтіп тұрғанын айтып, кетпек болған. Жәбірленуші кетіп бара жатқан кезде бригадир оған тап беріп, қылғындырған. Күдікті жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, зорлаған делінеді.

Жәбірленушінің құрбысының сөзінше, ол Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасына арыз жазған.
BI Group холдингі жәбірленушіден кешірім сұрады.

«Компания басшылығы болған оқиғадан хабардар. Қызметкерлер тарапынан да, холдинг серіктестері тарапынан да зорлық-зомбылыққа, қысым көрсетуге және қылмыстың басқа да түрлеріне жол берілмейді. Бұл біздің этика кодексімізге ғана емес, жалпы адамзаттық принциптерге де қайшы келеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел топ құрылды. Қорытынды міндетті түрде жеткізілетін болады. Мәселеге аса жоғары басымдық берілген», — деді компания өкілдері.

Компания тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия