jasqazaq.kz

Алматыдағы қоймада мотоцикл мен квадроциклдер өртенген

29 мамыр 2020, 18:01

Алматыдағы өрт сөндірілді.

Алматы қаласы ТЖД бастығы, Өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіровтің айтуынша, өрт туралы хабарлама шұғыл желіге сағат 14.21-де түскен.

Жеке тұлғаларға тиесілі қоймалар өртенді. Бір қойма қытайдың скутеріне лық толы болған, арасында шағын көлемді мотоцикл мен квадроциклдер де бар.

Тағы бір қоймада қағаз бұйымдары болды, мұрағаттық құжаттар болуы да мүмкін. Үшіншісінде — қаптамаға, яғни қорап жасауға арналған материалдар.

Барлығы тез отқа оранды, сондықтан өрт тез күш алды.

Өрт сөндіруге 100-ден астам жеке құрам, 24 дана техника, 6 су таститын көлік, 15 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Сағат 17.11-де өрт сөндірілді.

Өте жоғары температура болды. Өйткені өрт өте үлкен аумақты алды. Біз от 1600 шаршы метр аумақты жалмап үлгергенде ауыздықтадық. Зардап шеккендер жоқ. Температураны төмендету үшін ҚР ІІМ ТЖК және Алматы қаласы әкімдігінің авиациясы тартылды, — деді Әубәкіров.

zakon.kz

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық