jasqazaq.kz

Алматыдағы қайғылы оқиға туралы куәгер айтып берді

22 қараша 2021, 16:45

Алматы қаласындағы әйелдің үш баласымен бірге секіріп кеткен қайғылы оқиға туралы куәгер айтып берді, деп хабарлайды Informburo.kz.

«Дауыстарды естідім. Сегізінші қабаттағы әйел айқайлап: «Не істеп жатсыңдар, не лақтырып жатсыңдар», — деді. Қыз жүгіріп келіп шыңғырып жіберді, одан кейін ер адам келді, оның соңынан мен келіп осының барлығын көрдім», — дейді өзін Владимир деп таныстырған куәгер.

Оның айтуынша, көп қан болған, әйел мен балалар ет бетімен құлап жатқан.

«Балалар жатыр, кішкентай бала әлі демалып жатқан еді, мен жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Барлығы қоңырау шала бастады. Жедел жәрдем келді. Содан соң мен кетіп қалдым. Олардың құлаған кезін көрмедім, көзім нашар көретіндіктен, бірнәрсенің ұшып бара жатқанын ғана аңғардым», — дейді Владимир.

Ол әйелді әдетте балаларымен ойын алаңында серуендеп жүрген кезінде көретіндігін қосып өтті. Куәгердің сөзінше, отбасы көпқабатты үйде бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрған.

Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағын ауданында болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған. Әйел мен екі баласы оқиға орнында қаза тапқан. Балалардың үлкені ауруханаға жетер жолда жантәсілім еткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде