jasqazaq.kz

Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды

13 қараша 2020, 14:15

Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты.

Жұмановтың сөзінше, бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған, оның ішінде, екеуі — кезекші сыныптағы оқушылар.

«Барлық топ ПТР-тест тапсырған, бәрінің нәтижесі теріс болды. Екі жағдайда да балалар коронавирус инфекциясын ата-анасынан жұқтырған. Топтар жағдайдың алдын алу мақсатында жабылды», — деді Қайрат Жұманов.

Еске салайық, екінші тоқсанда кейбір алматылық оқушыларға дәстүрлі оқу форматына көшуге рұқсат берілген болатын.

Екінші тоқсаннан бастап 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын. Сыныпта отыратын оқушы саны 15-тен аспауы керек.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия