jasqazaq.kz

Алматыдағы еврейлердің діни жиыны: Rixos қонақүйіне айыппұл салынды

17 тамыз 2021, 14:55

Алматыдағы Rixos қонақүйі әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Rixos қонақүйінің әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге ғимаратты бергені және ұйымдастырғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынған. Сондай-ақ, ол эврейлер Алматыға бір күнге ғана ұшып келгенін айтты.

«Қазір жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Тексеру прокуратураның рұқсатынан кейін жүргізіледі, әлі анықталғандардың бәрі жазаланады», — деді ол брифинг барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге сын айтқан болатын. Себебі, еврей қоғамдастығының жиыны өткен Rixos қонақүйіне айыппұл салынбаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия