jasqazaq.kz

Алматыдағы дүкенді тонаған мародер Түркістанда ұсталды

26 қантар 2022, 12:03

Алматыда дүкенді тонаған мародер Түркістанда ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингіде Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбеков айтты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қаласының біріндегі қонақ үйге аялдаған Өскеменнің 2 тұрғынын анықтаған. Күдікке ілінген олардың біреуі ұрланған заттарды Түркістан қаласындағы ломбардқа өткізіп тұрған жерінен ұсталды. «Ұсталған күдікті бұрын қарақшылық қылмысы үшін сотталғанын анықтадық. Оның айтуынша, досымен бірге 5 қаңтарда Алматыға барған. Яғни, жаппай тәртіпсіздік кезінде Kcell, Activ дүкендерінің бірін тонап, ол жерден 5 дана Samsung телефонын, 2 дана сымсыз құлаққапты және Apple watch брендтік смарт-сағатты алып кеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі миллион теңге жуық», — деді полиция полковнигі.

Күдіктілер іздерін жасыру мақсатында қайтадан Өскеменге үйлеріне қайтқан. Сол жақта 3 дана телефонды ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Алдын ала жоспарлы түрде әрекет еткен екеу блокбекеттердің барлық жерде алынып тасталғанын пайдаланып, Түркістан облысына таксимен келген. «Бүгінгі таңда аталған жайтқа байланысты тергеушілер ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық« бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті қамауға алынды. Ал айғақты зат ретінде ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтайтын боламыз», — деді А.Қалдарбеков. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің сыбайласы, яғни екінші жас жігітті іздестіруде.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр