jasqazaq.kz

Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

17 ақпан 2022, 11:23

Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен балалар үйіндегі азаматтардың құқықтарын қорғау қаржы мониторингі агенттігінің жіті назарында. Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында, Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу айыпталушыларға қатысты 10 млн. теңгеден астам шығын сомасымен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды. «Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражат толық көлемде өтелді»,-делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде