jasqazaq.kz

Алматыдағы бірнеше шипажай коронавирус жұқтырғандарды емдеуге берілді

22 шiлде 2020, 18:02

Алматыда қосымша коронавирус госпитальдері ашылып жатыр. Жаңа орталықтардың дайындығы туралы қалалық Қоғамдық деснаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

«Пандемия басталғаннан бері инфекциялық стационарлардың саны 13 есе, 2-ден 26-ға дейін артты. Сәйкесінше, төсек-орын саны 500 6000-ға дейін артты. Осы аптада 250 төсек-орынға арналған «Қазақстан» шипажайы, 376 төсек-орынға арналған «Көктем» шипажайы, 140 төсек-орынға арналған «Самал» пансионаты, 100 төсек-орынға арналған Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь коронавирус науқастарын қабылдауға бейімделді. Бірақ біз осымен тоқтап қалмаймыз, алдағы уақытта төсек-орындар қуаттылығы резервін қалыптастыру жоспарда тұр. Одан бөлек, алдағы уақытта Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасында 500 төсек-орынға арналған толыққанды клиника ашылады» , — деді.

Аталған орталық коронавирус науқастарын емдейтін клиника ретінде жұмыс істейді, ал ковидтік кезеңнен кейін толыққанды көпбейінді стационар ретінде жұмысын атқаратын болады. Қазір ол жерде құрылыс жұмыстары аяқталуда, сонымен қатар медициналық техникамен және қажетті кадрлармен жасақтау жөніндегі мәселе пысықталуда. Бұл нысанды қыркүйек айында ашу міндеті қойылған.

«Айта кету керек, жаңа стационарларды ашуға жұмсалған инвестиция постковидтік кезеңде де пайдасын келтіреді деп ойлаймыз. Жоспарда төсек орынды 7700 дейін арттыру көзделген», — деді Надыров.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі