jasqazaq.kz

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісін соққыға жығу: полиция тексеруді бастады

15 қыркүйек 2021, 18:04

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылған. Аталған жағдайды полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жанұя» мамандандырылған кешенінде жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлама мен видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті. «Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеруді бастады. Кадрда балалар үйінің 2004 және 2005 жылы туған екі тәрбиеленушісінің арасындағы жанжалды көруге болады. Анықталғанындай, бұл 3 қыркүйекте болған жағдай. Бұған дейін, аталған дерек бойынша полицияға ешкім хабар берген жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады», — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия