
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2020 жылдың 5 маусымда «АлматыЭлектротранс» ЖШС (тапсырыс беруші) және «АлматыАвтоСервисПлюс» ЖШС (мердігер) басшыларына қатысты техникалық қызмет көрсету кезінде 3,8 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағының 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, — деп хабарлады журналистердің сауалына берген жауабында ОКҚ-нің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, бірқатар зерттеулер тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
zakon.kz