jasqazaq.kz

Алматыдағы 3 жолайрық құрылысы қашан аяқталады?

22 маусым 2021, 17:00

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі үш жол айрығының құрылыс қарқынын, метрополитеннің инфрақұрылымын және Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі Алматының «шығыс қақпасындағы», Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысындағы жолайрығында болды. Құлжа тас жолы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы – 784 метр , Бұқтырма көшесі бойындағы туннельдің ұзындығы – 570 метр . Жыл соңына дейін жекелеген бағыттар бойынша көлік қозғалысын ашу жоспарда. Нысанды толық пайдалануға беру келесі жылға көзделген. Бұл Бұқтырма көшесіндегі көлік ағынын – 30%-ға, Құлжа трактісінде өткізу қабілетін 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бақытжан Сағынтаев Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы туннель түріндегі жолайрықтың жұмыс барысымен танысты. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылы бойымен көліктің кедергісіз қозғалысы үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі туннель салу қарастырылған. Көлік құралдарының көшеде жүруі. Жансүгіров көшесіндегі, сондай ақ өзге көлік қозғалыстары жер деңгейінде өтеді. Төрт жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды салу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру қарастырылған. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Қала әкімі Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайрығы құрылысының қарқынын тексерді. Эстакаданың ұзындығы 186 метр, Рысқұлов даңғылында – 8 метр, ал Емцов көшесінің бойында 4 жолақ қарастырылған. Бұдан басқа, Бақытжан Сағынтаев әрлеу жұмыстары жүріп жатқан Сарыарқа және Достық бекеттеріндегі метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысты. Екі бекетті техникалық іске қосу жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ, Алматы әкіміне Қалқаман бекетіндегі метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңінің үшінші іске қосу кешенін салудың жұмыс барысы туралы баяндалды. Жобада Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін ұзындығы 2,48 шақырым болатын Әшімов көшесінен төмен салынатын тоннельдің құрылысы қарастырылған. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Абай даңғылын Қалқаман шағын ауданындағы Момышұлы көшесінен Әуезов көшесіне дейін үңгілеу жұмысының барысын тексерді. Оның жалпы ұзындығы 4,8 шақырым. «Шұғыла» шағын ауданындағы Яссауи көшесінен Береке көшесіне дейінгі учаскенің ұзындығы 3 шақырым, мұндағы жұмыстар аяқталып қалды. Жоба бойынша 6 жолақты жол, тротуарлар, веложолдар салу қарастырылған. Құрылыс аймағында орналасқан учаскелер уақтылы сатып алынса, онда жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Осының арқасында, Абай даңғылы Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзаратын болады. Бақытжан Сағынтаев жолайрықтары мен көшелерді ұзартудың барлық нысандары бойынша жұмыс күші мен техниканы кеңінен жұмылдыруды, жұмыстың сапасы мен уақтылы атқарылуын бақылауды тапсырды. Бұдан өзге, тиісті ведомстволардың басшылары жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешулері қажет.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия