jasqazaq.kz

Алматыдағы №2 перзентханада жүкті әйелден коронавирус табылды

28 сәуiр 2020, 16:58

Алматы № 2 перзентханадан COVID19 инфекциясы тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Перзентханаға жүктіліктің 39-аптасындағы келіншек келген. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол бұл ақпаратты жасырып қалған», — дейді баспасөз қызметі.

Қазір қызметкерлер мен пациенттер ПТР-тестілеуден өтті. Оларды басқа медициналық мекемелерге ауыстыру немесе үй карантиніне жіберу қарастырылып жатыр.

«№2 перзентхана ғимаратында зарарсыздандыру шаралары жасалды. Қазір мекемеде пациент қабылдау тоқтатылды. Қызметкерлер мен пациенттер тағы қосымша тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталмаса, перзентхана штаттық режімде жұмысын жалғастырады», — деді әкімдіктен.

inform.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық