
Алматы қалалық полиция департаменті Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған 18 жастағы азаматша А-ны өлтірді деген күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Күдікті азамат С. Алматы қаласының маңынан ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жалғасуда», — деп түйіндеді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.