jasqazaq.kz

Алматыда зорлықшы оқушы қызға пышақпен шабуылдады

20 қараша 2019, 14:16

Алматының Орбита-1 ықшамауданындағы № 60 мектеп-гимназиясының маңында 12 жастағы оқушы қызға зорлықшы пышақпен шабуыл жасады. Оқушы қыз қашып үлгерген. Бұл туралы қыздың анасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Оқиға 19 қарашада шамамен 10:30-да мектептен 500 метр жерде болған. Анасының айтуынша, қыз бала әзер дегенде құтылып, гимназияға қарай қашқан. Ер адам жылап бара жатқан қыздың артынан қуған. «Ол қарама-қарсы келе жатқан, сосын қызымды көріп, артынан жүре бастап, пышақ ұрған. Қызым бір жанымен көріп қалып, бұғып үлгерген. Қызым соққыдан қашып, отырып қалып, ары қарай қашқан. Ер адам құлаған. Ол боқтық сөздер айтып, артынан қуған. Оның қолында пышаққа ұқсас бірдеңе болған. Ер адам қызымның соңынан мектепке дейін барған. Видеода қызмның жүгіріп кіргені бар, ал ер адам көрінбейді. Әлбетте мен полицияға хабарладым», — дейді зардап шеккен қыздың анасы Кристина. Әйелдің айтуынша, қыз бала қатты қорқып қалған және мектепке баруға қорқады. Кристина осындай қылмыстарға күдікті саналған ер адамның интернеттен ер адамның фотороботын тапқан. Бұл сурет Алатау ауданында 2017 жылы болған қылмыстан кейін жасалған фотосурет екен. Сол кезде ер адам 15 жастағы қызды пышақтамақ болған, полиция қылмыстық іс қозғаған, алайда күдіктіні таппаған. Фотороботты Кристина қызына көрсеткен, ол өз кезегінде шабуыл жасаған ер адамды таныған.

«Оның жасы шамамен 49-50-де. Қазір бірақ сақалы жоқ. Камералар көп болғанда дұрыс болар еді. Себебі балабақшада орналасқан камера қылмысты түсірмеген. Тек оның артынан жүргенін түсірген. Полицияда осы видео бар», — дейді ол. № 60 мектепте осы оқиға туралы біледі. Оқу бөлімінің меңгерушісі Сандуғаш Әбілқасымова ата-аналарды осы жағдай туралы ескерткен. «Бізде мектепке кіреберісте ғана камера бар — біз видеоны қарадық, онда ештеңе жоқ. Қыз бала қатты шошып қалған, психологтармен сөйлесті, ата-анасын, полицияны шақырдық. Олар осы аумақты қарап шықты, бірақ нәтиже жоқ. Біз барлық ата-анаға ескерттік. Бізде екінші ауысымда алтыншы сынып оқушылары оқиды, алаңдап отырмыз. Бізде мектеп автобусы болса, қауіпсіздік мәселесі шешілер еді», — дейді Сандуғаш Әбілқасымова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда