jasqazaq.kz

Алматыда жұрттың қалтасын қағып келген ұрылар ұсталды

15 наурыз 2019, 16:14

Қоғамдық орындарда арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген қалта ұрылары осы жолы қаланың Алмалы ауданында ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.
Әр ұры бір-бірімен байланыс орнатпай жеке «жұмыс істеген». Сондай-ақ ұсталғандар бір-біріне құралпас болып шыққан әрі бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталғандықтары анықталған.
«Күдікті — 33 жастағы В.есімді азамат Ч.есімді азамат сияқты біріншісінің құрдасы, қоғамдық орындарда қалта ұрлығымен айналысқан. Олар аңқау студенттердің мүлкін қолды етіп жүрген, негізінен ұялы телефондарды және әмияндарды ұрлайды. Үшінші тұтқын – Б.есімді азамат, оқу орындарында арам пиғылын жүзеге асырып жүрген, ол алдыңғы екі «әріптесі» сияқты студенттердің қалтасына түскен», — дейді Алмалы ауданы ПБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мендебав.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті-құрдастар ұсталып, Алматы қалалық ПД УҰИ-на орналастырылған. Олардың әрқайсысына ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде.
«Қалта ұрылары бұрыннан бар және олардың негізгі міндеті – назар мен күдікті тудырмау. Олар ұқыпты, сыпайы, тіпті сенімді адамдар сияқты көрінуі мүмкін. Оларды көп адамның арасынан анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қоғамдық орындарда ұрлықты болдырмау үшін мұқият болыңыз және жеке мүліктің қауіпсіздігі туралы қарапайым ережелерді ұстаныңыз», — дейді подполковник Мендебаев.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда