jasqazaq.kz

Алматыда жұртты алдап, 300 миллион теңгесін алып кеткен әйел ұсталды

25 шiлде 2022, 17:13

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Полицейлер мәліметінше, әйел тендер ұтып алуға көмектесемін деп, алматылықтарды 300 миллион теңгеге алдап кеткен — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әуезов ауданы полицейлері 37 жастағы С. есімді әйелді ұстаған.

«Қылмыстық іс материалына сәйкес, күдікті «жақсы таныстары барын» айтып, адамдарға тендерлерге қатысуға, оны жеңіп алуға көмектесуге уәде берген. Қазір біздің бөлімшеде С. есімді әйелдің қатысы бар бес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңге. Күдікті қазір қамауда отыр. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталады», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр