jasqazaq.kz

Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар алаңына соғыла жаздады (видео)

14 сәуiр 2021, 17:31

Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар ойнап жүрген алаңға кіріп кете жаздады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Жүргізушісіз қозғалып кеткен көлік Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындарын дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желілерде әйел балаларымен бірге ойын алаңында жүргенде кенеттен көлік оталып, оларға қарай жылжи бастағанын айтып шағымданды.

«Кенеттен шу естілді, көлік жылдамдықпен ойын алаңының ортасында орналасқан орындыққа соғылды. Мен айғайлап, балаларды іздей бастадым. Көліктің ішінде ешкім болмады. Оны үйден оталдырды, жылдамдығы жоғары болды. Кейін көлік иесі шығып, қол тежегіші жұмыс істемейтінін айтып, орындықты итеріп, тыныш қана кетіп қалды. Мен әлі дірілдеп тұрмын», — дейді видео авторы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 13 сәуірде сағат 19.40-та Алатау ауданындағы Чуланов көшесінде болғанын айтты. «Mazda-626 маркалы көлігінің 26 жастағы жүргізушісі өздігінен оталу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, бетон жиекке, орындыққа және қоқыс жәшігіне соғылды. Алатау аудандық ПБ өкілдері бұл деректі тергейді, одан әрі шаралар қабылданады», — деді полицейлер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия