jasqazaq.kz

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус анасы мен баласын қағып кетті (видео)

12 шiлде 2019, 11:58

Әлеуметтік желіде Алматыда анасы мен баласын қаққан, жүргізушісі жоқ автобустың видеосы пайда болды.

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнекөріністе автобустың ішінде болып жатқан оқиғалар бейнеленген. Қоғамдық көлік қозғалып барады, ал есігі ашық. Сыртқа шығуға ұмтылған балалы келіншек сүрініп, құлап камера обьективінен жоғалып кетеді. Соған қарамастан автобус қозғалысын жалғастыра берді. Тек бірнеше секундтардан кейін тоқтайды. Белгілі болғанындай, автобусттың өз бетімен қозғалуына жол-көлік оқиғасы себеп болған. Жүргізуші тоқтап, сыртқа шыққанда, автобус орнынан қозғалып кеткен. Оқиға 1 шілде күні Алатау аудандық ХҚКО жанында болды. Куәгерлердің айтуынша, 122 нөмірлі автобус бір сәттке жүргізушісіз жүріп бара жатқан. Сол кезде қоғамдық көліктен шықпақ болған балалы келіншек дөңгелекттің астына түсіп кеткен. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, әйелді №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Бет-терісі сырылған, жамбасы сынған деген диагноз қойылды. Бала жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көпсалалы хирургтар бригадасы оны толықтай тексеруден өткізді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🥕 SAEBIZGO (@saebizgo)

«Алдын ала диагноз қойылды: ауыр жарақат, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы, іш құрылысттың зақымдануы, кеуде жарақаты, кеуде сүйегінің жоғарғы бөлігінің жарақаты, бет терісінің сырылуы, I-II дәрежелі травматикалық шошыну болған», — деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда