jasqazaq.kz

Алматыда жүргізушілерге қысқы дөңгелек салуға кеңес берілді

05 қазан 2021, 14:54

Әкімдік Алматыдағы көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

«Құрметті қала тұрғындары! 5-6 қазан аралығында Алматы қаласында ауа температурасы 0+4 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деген болжам бар. Осыған байланысты автокөлік иелеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыруды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, автокөлік иелеріне белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, күрт тежеуге жүгінбеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береді.

Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуға кеңес берілді.

«Өз қауіпсіздігіміздің мүддесі үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!»- делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия