
Әлеуметтік желіде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен видео тарай бастады. Жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов:
Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Ол 1979 жылы 12 тамызда туған К есімді азамат.
Қазіргі уақытта ол Алатау ауданы бойынша полиция басқармасында.