jasqazaq.kz

Алматыда жүргізуші полицейді соққыға жықты

08 тамыз 2018, 17:18

Алматыда Түрксіб аудандық сотында 27 жастағы автожүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ер адам полиция қызметкерін соққыға жыққаны үшін айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, биыл шілдеде ер адам әуежай автотұрағында тұрып, жол ережесін бұзған. Мұны байқаған кезекші полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатып, құжатын көрсетуді талап еткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнына тайып тұрмақ болған. Сол сәтте полиция қызметкері өзінің көлігімен Lexus көлігін шығармай, бөгеп қалған. «Ер адам көлігін бұрам дегенде басқа көлікті соғып кеткен. Содан соң көліктен түсе сала полиция қызметкерін 3-4 рет ұрып жіберген. Төбелес шығарған ер адамды сол жердегі полиция қызметкерлері ұстап алды», — деді сот қаулысында. Сотталушы сотта өзінің кінәсін толығымен мойнына алды. Полиция қызметкері болса, өзі ұрған ер адамды кешіргенін айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Сот ҚР ҚК 380-бабымен қозғалған қылмыстық істі қарауды тоқтатты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде