jasqazaq.kz

Алматыда жүргізуші әйел жанармай құю бекетінің 18 жастағы қызметкеріне шабуыл жасады (Видео)

15 наурыз 2022, 16:16

Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жүргізуші әйел 18 жастағы қызметкерге шабуыл жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан көлігіне бензин құйып жатқан әйелді және оның жанында жанармай құю бекетінің қызметкері тұрғанын көруге болады. Жүргізуші көлігіне бензин құйып болып, ал қызметкер көліктің багын жабуға кіріседі. Осы сәтте әйел қызметкердің мойнына жармасып, оны жерге құлатып, бірнеше соққы жасайды. Куәгерлер жанжалға араласып, тараптардан тыныштануды сұрайды.

Жазба сипаттамасында оқиға 10 наурызда Жетісу көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысына жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінде болғаны айтылған.

«18 жастағы жанармай құю станциясының қызметкеріне клиент шабуыл жасады. Ол бензин құятын шүмекті алып үлгермеген, содан кейін әйел оны балағаттай бастаған. Оны тыныштандыруға тырысқанда, төбелес шығарған. Клиент жауап алу кезінде қызметкерге қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытуға тырысып жатыр. Бұл ретте Жетісу ауданының учаскелік полиция қызметкері бұл қоқан-лоқыларға назар аудармай, жүргізушінің жағына шығып отыр. Қоңырау шалып, арызды қайтарып алуымызды талап етті», — делінген жазба сипаттамасында.

Полиция департаменті бұл факт бойынша сараптама тағайындалғанын хабарлады. Қызметкердің алған жарақаттары ауыр немесе орташа ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады. Денсаулыққа жеңіл зиян келген жағдайда тәртіп сақшылары әкімшілік іс қозғайды.

«Сот-медициналық сараптама ауырлық дәрежесін анықтауы керек, содан кейін сараланады», — дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде