
Алматыда үстіне манипулятор құлап кеткен үш әйел ауруханаға жатқызылды.
Оқыс оқиға 14 мамыр күні «Айгерім» шағын ауданында болған. Манипулятор кранның тіреуі құлап кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалған. Үш әйел де жансақтау бөлімінде жатыр. «Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы сараптаманың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», — деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөзі: ҚазАқпарат