jasqazaq.kz

Алматыда жұмыс істеп келген екі кафе анықталды (видео)

26 шiлде 2020, 15:37

Алматыда жапсарлас орналасқан екі дәмхана түн жарымында қонақ қабылдап, қызмет көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл орындар Алмалы ауданында Шевченко көшесінің бойында орналасқан. Түнгі рейд кезінде «Веселидзе» кафесінде — 30 қонақ, ал қабырғаның ар жағындағы «Баку бульвары» дәмханасында 60 адам көңіл көтеріп жатқаны анықталған. Аталмыш субъектілердің иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы заңнама талаптарын және гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша хаттама толтырылды. Жиналған әкімшілік материалдар шешім қабылдау үшін Алмалы ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады.

https://youtu.be/Avq6bKtzP1k
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі