jasqazaq.kz

Алматыда жылу құбыры жарылды (видео)

24 маусым 2020, 12:11

Алматыда жылу құбыры жарылып, көлік, кафе және бағдаршамды зақымдады.

Жарылған құбырдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда бүлінген көліктер мен кафені көруге болады.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, төтенше жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданында таңғы 05:00-де Гагарин мен Ходжанов көшелерінің қиылысында болған. «Жылу жүйелерін гидравликалық сынау кезінде диаметрі 800 мл жылу құбыры жарылды. Бұл –1985 жылы салынған ескі құбыр. 35 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Пайдалану мерзімі өтіп кетті. Мұндай құбырлар 25 жыл қызмет етуге арналған. Жарақат алғандар жоқ. Алайда, Автотұрақта тұрған бес көлік пен бағдаршам зақымданды», – деді Алматы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өкілі Ян Гирин.

Оның айтуынша, көлік иелеріне «Алматы жылу желілері» мекемесі заңға сәйкес өтемақы төлейді.

«Көлік иелері «Алматы жылу желілері» мекемесімен байланысуы керек. Егер көліктерге келтірлген зиян анықталса, онда барлық адамдарға өтемақы төленеді. Келтірілген зиянның мөлшерін комиссия шешеді. Қазір сараптама жүргізілуде», — деді Ян Грин.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

ҚазаҚпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия