jasqazaq.kz

Алматыда журналист белгісіз жағдайда көз жұмды

21 қазан 2018, 18:26

Із-түзсіз жоғалып кеткен белгілі журналист, продюсер Әйгерім Мұсаева өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қайғылы оқиға кеше болған. 2 баланың анасы Hit tv арнасында продюсер болып жұмыс істеген. Бұған дейін журналистің әріптестері Әйгерімнің жоғалып кеткені туралы жазба жариялаған болатын. Олардың айтуынша, келіншек үйінен шығып кеткен де содан қайтып оралмаған. Соңғы рет Алатау ауданындағы ХҚКО ның камерларына түскен. «Әйгерім Мұсаева күндіз үйінен шығып кеткен де, әлі қайтып оралмаған. Үйден кетіп қала салатындай, жеңіл ойлайтын қыз емес. Екі баласы бар. Жолдасы бар. Өкініштісі сол, ұялы телефонын да үйде қалдырып кетіпті. Сондықтан, қайда жүргенін сұрап біле алмаған ешкім кешеден бері. Әйгерімді жақындары өте жауапты адам ретінде біледі. Сондықтан, екі баласын тастап кетуі мүмкін емес!», — делінген әріптестерінің жазбасында. Әйелдің қандай жағдайда, қалай көз жұмғаны туралы мәлімет жоқ. ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы ертең толық ақпарат беретіндіктерін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде