jasqazaq.kz

Алматыда жөнделген жолды қайта қазып жатыр (видео)

21 сәуiр 2021, 15:31

Алматыда былтыр тұрғандар шағымынан кейін жөнделген жол тағы да бұзылып жатыр. Бұл туралы Алатау ауданының тұрғындары мәлім етті.

Әлеуметтік желілерде Алатау ауданы Көкорай көшесінде тұратын тұрғындардың видеосы пайда болды. Олар жаңа тасжол жабынын бұзып жатқанына таңданады.

«Былтыр шағымдардан кейін жол жасалып, жаңа асфальт төселді. Жолдың бүгінгі жағдайы мынау. Не үшін?», — дейді видео авторы.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «құбыр тартуды ұмытып кетіпті» дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от _ (@krispi_almaty)

Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне хабарласып, Көкорай көшесінде шынымен инженерлік желілер жүргізіліп жатқанын анықтады.

Алатау ауданының Шаңырақ-1 шағын ауданында биыл су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізіледі. Қаланың энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген.

«Бүгінде құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер ұйым — «Сапа Құрылыс-2007″ ЖШС. Көкорай көшесінде мердігерлік ұйыммен су және кәріз құбырларының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алатау ауданы әкімінің аппараты өкілдері оқиға болған жерге барды. Мердігерлік ұйыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың 30 мамырына дейін Көкорай көшесі толығымен қалпына келтіріледі. Ол туралы қосымша айтамыз. Бұл мәселе аудан әкімдігінің қатаң бақылауында», — деді Алматы әкімдігіндегілер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия