jasqazaq.kz

Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан жүргізуші жазаланады (Видео)

27 қыркүйек 2021, 10:05

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty | Алматы | (@kris_p_original)

Алматыда қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады.

Құқықбұзушылықтың видеосы Instagram әлеуметтік желіде тараған. Алматы қалалық Полиция департаменті жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады. «К. Жәнібек көшесінің бойымен жүрген «Toyota camry» көлігінің жүргізушісі бірден анықталды. Ол- 2002 жылы туған Нұрболат есімді азамат. Оның Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 230 -бабының екінші бөлігінде, 601 – бабының екінші бөлігінде, 595 -бабының бірінші бөлігінде және 596 -бабының үшінші бөлігінде көзделген ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, сот қарауына жіберіледі», — деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов. Сонымен қатар, полиция өкілі жол жүру ережесін бұзғандар жазасыз қалмайтынын еске салды. «Жол жүру ережесін өрескел бұзған Нұрболат көпшілік алдында кешірім сұрады. Бірақ, бұл заң алдындағы жауапкершіліктен босатады деген сөз емес», — деп атап өтті спикер.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия