jasqazaq.kz

Алматыда жол бойында шахмат ойнағандар қамауға алынды

09 желтоқсан 2020, 16:56

Алматы қаласының полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынғанын айтты. Блогерлер Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Ұсақ бұзықылық» бабы бойынша жазаланды.

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі 15 тәулікке, екіншісі 10 тәулікке қамалды. Олар Алматының қабылдау-тарату орнына қамалды.

«Одан бөлек, сот шешімі бойынша құқықбұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды», — дейді полиция өкілдері.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын. Сол күні Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр Facebook желісіндегі парақшасында пранкерлер полицияға жеткізілгенін хабарлады.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия