jasqazaq.kz

Алматыда жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

19 мамыр 2021, 14:18

Алматы облысының Қарасай ауданында таңғы сағат тоғызда алматылық полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы Манат Саттаров мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Көлді-Жалпақсай тас жолында Mazda-626 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 1999 жылғы Алматы қаласы патрульдік полициясының инспекторы Нәдір Қалымов тізгіндеген Lada Granta автокөлігімен соқтығысқан. Соққы инерциясымен Lada жол шетіне қарай ұшып, ағашқа соғылған.

Полиция кіші сержанты Қалымов Н. түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан, бірақ ол үйіне сол күйі жете алмады: полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған Мазда көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, — деді Саттаров.

Аталған факті бойынша Алматы облысы ПД Қарасай ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрам Нәдір Қалымовтың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, қайғырып көңіл айтады, деп жазды Манат Саттаров Facebook-тегі парақшасында.
Полиция кіші сержанты Нәдір Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде