
Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылында Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұста болған.
Полицияның хабарлауынша, «LADA Granta» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.
