jasqazaq.kz

Алматыда жіті респираторлық вирусты инфекция жұқтырған балалар көбейді

05 желтоқсан 2022, 16:53

Алматыда жіті респираторлық вирусты инфекция (ЖРВИ) жұқтырғандар саны күрт өсті. Бір аптада 24 мыңға жуық жағдай тіркелді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өткен аптада Алматы қаласында ЖРВИ, тұмау ауруларының 23 995 жағдайы тіркелді.

«Бұл аурумен науқастанғандардың 65,7% балалар. Тұмауды 110 адам жұқтырған, оның ішінде «В» түрін 109 адам, «А» түрін (H3N2) 1 адам жұқтырған, барлық науқастар ем қабылдады, жағдайлары қанағаттанарлық», — деп атап өтті Әсел Қалықова.

Спикер вакцинацияның халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймай, асқынулар мен өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектесетінін еске салды.

2022 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша тұмауға қарсы 223 349 адам екпе алды, оның ішінде 210 000 адам «қатер» тобында (100%).

Сондай-ақ, ол жекеменшік медициналық орталықтарда өз қалтасынан төлеп, екпе алғысы келген басқа тұрғындарға және әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушілер есебінен тұмауға қарсы екпе жүргізілуде.

Қала бойынша 9698 адам жұмыс берушілер есебінен вакцинацияланса, 3651 адам өз қаржысына вакцина салдырды.

Әсел Қалықова қала тұрғындарын ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың өршуі кезеңінде спецификалық профилактикадан басқа спецификалық емес профилактиканың жалпы шараларын сақтауды ұсынды:

— ЖРВИ-мен науқастанған адамдардан аулақ болыңыз, ал егер байланысу қажет болса, онда маска киіп, оксолин майын қолданыңыз;

— ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында немесе ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет;

— түшкіру және жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;

— иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану;

— қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды азайту қажет, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды тазалап, желдету керек;

— сырқаттанған балаларды ұйымдастырылған ұжымдарға, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде