jasqazaq.kz

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен боди-массаж салоны әшкере болды (видео)

28 қараша 2020, 13:20

Алматыда зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны анықталды.

Полиция тексерісті өткен түні өткізді. Жұмыс орнында өзін массажист ретінде көрсететін 13 жеңіл жүрісті қыз бен қызметкерлер арасында жұмыс көлемін бөлетін әкімші болды.

«Мұнда жұмыс істеген екі әйел Өзбекстаннан, қалғандары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан келген қыздар. Ұсталғандардың тек біреуі ғана жергілікті тұрғын.

Тексеру барысында зәулім үйде интим бизнес үшін барлық жағдай жасалғаны анықталды, клиенттердің өтініштері бойынша мұнда сауна да жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер барған кезде үйде адамдар көп болды. Жезөкшелікпен айналысқан әйелдер де, олардың клиенттері де полицияға жеткізілді. Алдымен олардың заңсыз іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы арнайы есептер бойынша тексеріліп, кейін жауапкершілікке тартылды.

Айтпақшы, зәулім үйдің иесі де анықталды. Оның іс-әрекеті жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларды ұсыну ретінде дәрежеленді», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия