jasqazaq.kz

Алматыда жезөкше әйел клиентін қинап өлтірді

21 ақпан 2019, 17:46

Ер адамды өлтірген жезөкше әйел мен оның күйеуіне сот үкімі шықты.

Алматыда клиентін өлтіріп, кейін оны тонап кеткен жеңіл жүрісті әйел 8 жылға сотталды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамды өлтірген жезөкше әйел мен оның күйеуіне сот үкімі шықты. Белгілі болғандай, оқиға 2018 жылдың 8 қарашасында түнде болған. Жалға алынған пәтерде жеңіл жүрісті әйел мен клиент сөзге келіп қалады. Оған екеуінің арасындағы алдын ала уағдаластықтың бұзылуы себеп болған. Жанжал соңы төбелеске ұласып, артынша әйел шампан бөтелкесімен ер адамның басынан бірнеше рет ұрған. Клиент керуетке құлап түседі. «Бірақ, сотталушы А. мұнымен тоқтамай, шыны сынығымен жәбірленушінің тамағынан орып жіберді. Кейін есікті сыртынан жауып, ізін жасырған. Алайда көп ұзамай пәтерге күйеуімен бірге оралып, клиентті тонап кетеді. Бұған қоса, қансырап жатқан ер адамды банк картасының пин-кодын айтуға мәжбүрлеген», — деп баяндады сотта істің мән-жайын. Сотта ерлі-зайыпты кінәсін жарым-жартылай мойындады. Сот үкімімен әйел айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «түнгі көбелектің» күйеуі үш жылға сотталды. Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Процессуалды шешім шығарарда, сот олардың қылмысты жасағаны үшін өкінетінін, баласының барын және басқа да мән-жайды ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда