jasqazaq.kz

Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты: 7 адам зардап шекті (Видео)

13 маусым 2021, 18:58

Алматыда автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты 13 маусым күні сағат 08:40 шамасында болған. «Kia K5» маркалы автокөлікті тізгіндеген 1998 жылы туған «К» есімді жүргізуші Абай даңғылы бойымен батыс бағытта Розыбакиев көшесінің қиылысында келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өтіп кетіп, салдарынан Розыбакиев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан, «ЛиАЗ» маркалы №77 жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Автобус жүргізушісі – 1960 жылы туған «Ч» есімді азамат. Соққы әсерінен автобус арыққа түсіп кетті. Жол апаты салдарынан автобустың бес жолаушысы мен екі көлік құралының жүргізушісі зардап шекті», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов. Зардап шеккендер Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіні Алмалы ауданы Полиция басқармасы тексеруде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия