jasqazaq.kz

Алматыда жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды (Видео)

15 маусым 2021, 11:48

Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан адам анықталды.

Күдіктілер жезөкшелерге сауна мен қонақ үйлерден жұмыс тауып беріп отырған. Әр клиенттен өз үлесін алған. Барлық қылмыстық “кәсіптің” қатысушылары жедел полицияның назарына ілікті. Көп ұзамай ұсталып, олардан жауап алынды.

– Қатысушы негізгі тұлға – 1988 жылы туған М.есімді ер адам қыздардың айтылған жерлерге баруын ұйымдастырған және үйлестірген. Ол жұмысшы қыздардан жеңгетайлығы үшін әр “сеансқа” 10 мың теңгеден өзінің үлесін алды. Монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс жасайтын 1990 жылы туған С.есімді әйел де ұсталды. Егер жұмыс жасайтын жер монша кешені болса, қыздар оған 12 мың теңге көлемінде “алым” төлеген. Оның іс-әрекетінде де жеңгетайлық белгілері бар. Жалпы 21 мен 24 жас аралығындағы қыздар бір клиенттен 18 мың теңгені өздеріне қалдырған. Бұл тізбек ҚР ҚК-нің 309-бабы, 2-бөлігіне (Алдын ала келісім арқылы бірнеше рет адамдар тобымен жасалған жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысатын жезөкшелер үйін ұйымдастыру немесе ұстау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу кезінде материалдарға қоса тіркелген дәлелдемелер базасымен тіркеледі. Қылмыстық іске такси-тасушы жүргізушілер де қатысады, олардың міндеттеріне интим индустриядағы әйел жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізу кіреді. Қазіргі уақытта М.есімді ер адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша басқа айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар полиция интимдік қызмет көрсететін әйелдерді арнайы есепке қойғандығын хабарлады. Бұл кәсіпті ұйымдастырушыларды мүлкін тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия