jasqazaq.kz

Алматыда «Желтоқсан» саябағы ашылды

13 желтоқсан 2020, 21:40

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың, зиялы қауым және қоғам өкілдерінің қатысуымен Түркісіб ауданында «Желтоқсан» саябағы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Желтоқсан» саябағы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен ашылды. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан саябақтың ауданы 100 гектар. 2020 жылы коронавирус індетіне қарамастан саябақ салудың алғашқы кезеңі жүргізілді. Саябақ ішінде 8 балалар және 7 спорттық алаң бар. 2021 жылы саябақты салу жұмыстары жалғасын табады. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, саябақтың алдағы уақыттағы жоспары желтоқсаншылар ұйымдарының басшылары және сол маңда тұратын тұрғындардың пікірін ескере отырып қабылданады. «Келе жатқан Тәкелсіздік мейрамымен құттықтаймын! 1986 жылғы оқиғаның бәріміз үшін маңызы зор. Ол Қазақстанның Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихында және халықтың жадында қалары сөзсіз», — деді ашылу рәсімінде Ержан Бабақұмаров.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия