jasqazaq.kz

Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 отбасы далада қалды

31 қазан 2018, 10:34

Алматыда бүгін түнде жекеменшік үй өртеніп, 5 отбасы далада қалды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы ауданы Варламов 7 мекенжайындағы жекеменшік үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі 01:35-те түскен. «Өрт сөндірушілер келген кезде 5 отбасы тұратын жекеменшік үйдің шатыры өртеніп жатқан. Өрттің жалыны қасындағы жапсарлас сарайды да шарпи бастаған. Жағдайдың қиындығына байланысты өрт сөндірушілер қосымша бригада шақыртқан. Тілсіз жаудың басқа да ғимараттарды шарпуының алдын алуға барынша күш салынды. Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынның қызуы аулада тұрған «Toyota -Hilux-Surf» көлігіне зақым келтірді. Өрт 02:08-де сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ», — деді баспасөз қызметінен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді