Алматыда жеке үйде шыққан өрт кезінде 59 жастағы әйел адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«15 қазанда сағат 22.22-де Алматының «101« пультіне Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан. 23.00-де 25 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Өрт болған жерде 1960 жылғы үй иесі өлі табылды. Сондай-ақ, күйік шалған 1987 жылғы ұлы ауруханаға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр»,- делінген хабарламада. Өрт сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен төрт арнайы техника жұмылдырылды. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды.