jasqazaq.kz

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

23 ақпан 2019, 12:23

Алматыда жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып апатқа ұшырады, — деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев пен Өтепов көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, шамы қосулы жедел жәрдем Розыбакиев бойымен солтүстік бағытта бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқанда, Өтепов көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқан Skoda автокөлігі тоқтап үлгере алмай, апат болған. Соққыдан «ГАЗель» бір қырына аударылып қалды.

Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол түрлі жарақат алып жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, Skoda көлігіндегі жолаушы қыз зардап шекті, бірақ ол қаралғанна кейін оқиға болған жерде қалды. Жағдайдың анық-қанығын қалалық полицейлер анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде