jasqazaq.kz

Алматыда жазда карантин режимі күшейтіле ме?

10 маусым 2020, 14:19

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін онлайн брифинг кезінде оңтүстік астанада жазда карантин күшейтілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

«Жалпы, төтенше жағдай аяқталып, карантиндік режимге өткеннен кейін біз инфекцияның одан әрі таралмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалануын сұрадық. Егер вирус жұқтырғандар саны ары қарай тіркеле беретін болса, біз сақтық шаралары жөнінде еске салуды жалғастыра береміз. Көптеген елдерде қатаң шаралар қабылданғанын және солардың арқасында жағдайдың бірқалыпты бола бастағанын көруге болады. Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыттары — сауда, тамақтану, білім, өнеркәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық. Біз әкімшіліктің өзі және осы ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың өздерін, отбасы мүшелерін және басқаларды қорғауға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар жасадық», — дейді Бекшин.

Оның айтуынша, бұл талаптар бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Сондай-ақ, Бекшин 30 мамыр күні вирус жұқтырғандар саны ең жоғары — 4,6%-ды көрсеткенін хабарлады, ал соңғы аптада күнделікті өсім 3%-дан аспаған.

NUR.KZ

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді