Алматыда көпқабатты үйдің 18-қабатынан жасөспірім құлап, қайтыс болды. Қалалық полицейлер Zakon.kz-ке тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм 2007 жылы туған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі:
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тиісті сараптама тағайындалды, деп хабарлады департамент.
10 қыркүйекте Талдықорғанда 14 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсағаны хабарланған еді.