jasqazaq.kz

Алматыда жантүршігерік жол апаты болды (Видео)

09 қараша 2022, 16:25

Қазнет қолданушылары Алматыдағы ірі жол апатын талқылап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Видео танымал Instagram-пабликтерде жарияланды.

Кадрларға қарағанда, Toyota Corolla көлігі Жұбанов көшесінің бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан және қарсы жолаққа шыққан. Кейін осы кезеде бағдаршамда тұрған Mazda көлігіне бар жылдамдықпен келіп соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, Mazda көлігінің сау-тамтығы қалмаған. Мазда жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.

Toyota көлігінің жүргізушісі 74 жастағы зейнеткер болған. Қаза болған Mazda жүргізушісі 51 жаста. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

«Биыл 6 қарашада сағат 14:25-те жүргізуші, 1948 жылы туған П. Жұбанов көшесімен батыс бағытта Toyota Corolla маркалы көлігімен келе жатып, 1971 жылы туған А. есімді ер адам тізгіндеген Mazda маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Осы ЖКО салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata)

«Toyota Corolla» автокөлігі жүргізушісінің жасын, сондай-ақ оның сау және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетпеуін ескере отырып, оған қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді Олжас Шәріпов.

Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр