
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласының 7-9 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполисте жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 сәуір күні көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр болатын жел соғады. Найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С.
8 сәуір күні де көшпелі бұлт шығады. Кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің күші секундына 2-7метрге жетіп, найзағайдың екпіні 12 метр болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +22…+24°С.
9 сәуір күн көшпелі бұлтты. Күндіз – жаңбыр, найзағай. Жел күші секундына 0-5 метр, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +20…+22°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.
Қар, қатты жаңбыр және найзағай — Қазақстанда 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамы