jasqazaq.kz

Алматыда жаңбыр суы шайып кеткен жол қайта қалпына келтіріледі

02 мамыр 2020, 17:00

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңбыр суы шайып кеткен жолдарды қалпына келтіруді тапсырды. 

«30 сәуір күні жауған жаңбыр суы Медеу ауданындағы Алмалы көшесінің жолын шайып кетті. Оқиға орнына Медеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, әкімдік, Қазселденқорғау қызметкерлері барды. Асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болғанын анықтады, көліктер мен жаяу жүргіншілердің кіруіне шектеу қою үшін қауіпті жерлер қоршалды, полиция қызметкерлері бекет орнатты», — деп хабарлады қалалық ТЖД. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі уақытта келген шығын есептелуде және смета құны жасалып жатыр. Осыдан кейін жол учаскесін жөндеу және көлбеу учаскені нығайту жұмыстары жүргізіледі.

«Қауіпті аймақтың ұзындығы шамамен 100 метр. Жақын маңда тұрғын үйлер мен коммуналдық ғимараттар орналасқан. Жауын-шашын көп жауған жағдайда, тас жол бойында топырақтың одан әрі опырылып кету қаупі бар», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия