
Алматыдағы жанармай бекеттерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кадрдан Алматыдағы Райымбек батыр даңғылынан төмен Сейфуллин даңғылында орналасқан жанармай құю бекетін көруге болады. Төбелес бірнеше жігіттің арасында болған, видеодан олардың қарусыз екендері көқрінеді. Жанжалға оларды бөлуге тырысқан қыз да қатысқан. Кейін қыз бен бірнеше жігіт көлікпен кетіп қалады. Видео авторы не болып жатқанын көлік ішінде отырып түсіндіреді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі Жетісу аудандық полиция бөлімі бұл деректі ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркегенін айтты.
«Жанжалға қатысушылар анықталды және олар жауап береді», — деді ПД.
Посмотреть эту публикацию в Instagram