jasqazaq.kz

Алматыда жанармай бекетіндегі құдыққа түскен үш жұмысшы уланып қалды

28 сәуiр 2021, 10:41

Алматыда жанар-жағармай бекеттерінің бірінің аумағындағы кәріз құдығына түскен үш адам уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

27 сәуір күні сағат 18.37 шамасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» нөміріне Медеу ауданы С.Нұрмағамбетов көшесі, 148/2 мекенжайында орналасқан құдықтың люгіне есептегіш көрсеткіштерін алу үшін коммуналдық қызмет өкілдері түсіп, белгісіз газбен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға туралы шұғыл хабарлама түсе салысымен, қаланың шұғыл қызметтерінің күштері мен құралдары, сондай ақ, «109» құтқару қызметі, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, 3 жедел медициналық көмек бригадасы, Медеу ауданы ТЖ басқармасы, Полиция департаментінің қызметкерлері шұғыл жұмылдырылды.

«Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылар зардап шеккен үш адамды шығарып алды. Олар дереу жақын маңдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға қаланың шұғыл қызметтерінің бақылауында, себептері мен мән-жайлары анықталуда», — делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия