
Алматыда желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні қалалық перзентханаларда 98 нәресте дүние есігін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Олардың 53-і қыз бала, 45-і ұл бала. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, өткен жылы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда 40 502 нәресте дүниеге келген. Олардың 20 772-сі ер бала болса, 19 730-і қыз бала. Оның ішінде 471 егіз, 3 үшем дүние есігін ашты. Алматыда 4 перзентхана, 1 босану бөлімі, 2 перинаталды орталық жүкті әйелдерді қабылдайды. Еске сала кетсек, Астанада Жаңа жыл түнінде 20-дан астам сәби дүниеге келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.