jasqazaq.kz

Алматыда жаңа тасжол ашылды

05 маусым 2019, 18:11

Алматыда Рысқұлов-Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойынша көлік қозғалысы ашылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тракті қиылысындағы жаңа екі деңгейлі жолайрығы құрылысының барысын тексерді. Бүгін мұнда қаланың батыс бағытына қарай эстакада бойымен жүретін көлік қозғалысы мерзімінен бұрын ашылды. Енді бір айдан соң шығыс бағыттағы қозғалысты іске қосу жоспарланған. Аталған көлік торабында қозғалыс тым тығыз, өйткені ол орталықты халықаралық әуежаймен және қалаға жақын орналасқан елді мекендермені байланыстырады. Кіші көлік айналымының маңызды бөлігі болып табылатын жолайрығы іске қосылған кезде учаскенің жүргізушілерді өткізу қабілеті орташа 15 пайызға артады. «Біз көлік инфрақұрылымын дамытудамыз, оның ішінде жүргізушілерге де жақсы жағдай жасаудамыз. Алматыға өзінің соңғы жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы үкіметке қажетті қаржы бөлуді тапсырған еді. Қазіргі кезде қалада метроның екі бекетінің, екі көлік жолайрығының құрылыстары, Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл Құлжа тракті мен Бұхтырма көшесі бойындағы айналымда эстакада мен тоннелі бар тағы бір жолайрығының құрылысы басталады. Бұл қалалықтардың мобилділігін күшейтеді, бизнес-кедергілерді азайтады, осы бағыттағы көлік кептелісін төмендетеді және қаланың экологиялық жүктемесін жақсартады», — деп атап өтті Бауыржан Байбек. Айта кетейік, іске қосылған екі деңгейлі жолайрығы қауіпсіздік пен сеймикалықтың жоғары стандарттарына сай. Құрылыс барысында алматылық өндірушілер шығарған 100 мың текше метрден астам бетон мен металлоконструкциялар пайдаланылды. 400 жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түрінде 4 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылды. Қазіргі кезде инженерлік желілерді көшіру, 50 мың шаршы метрді жасылдандыру жалғасып жатыр. 700-ден аса ағаштар мен 615 бұтақтар отырғызылды.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі