jasqazaq.kz

Алматыда жаңа асфальтты сынамадан өткізді

02 маусым 2019, 23:42

Жолды қайта қалпына келтірудің тиімді әрі арзан жолы сыналуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Жолдарды жаңа әдіс арқылы қалпына келтіру бюджетті 4 есе үнемдеуге көмектеседі. Өйткені, жолдарға толығымен жөндеу жұмыстарын жасамай-ақ, жаңа әдіс арқылы өңдеуге мүмкіндік болады.

Алматы көшелерінде жолдары жаңа әдіспен қаптап, сынақ жасап жатыр. Қазір Рысқұлова мен Төле би көшелеріне жаңа әдіс қолданылды. RejuvaSeal деп аталатын құйма асфальт құрамын су өтпейтіндей етіп берік ете түседі. Сондықтан, қайта жөндеу жұмыстарын 4 жылға дейін жасамауға болады деп болжануда.

«Төле би көшесінің бойында аналогты RejuvaSeal қоспасы қолданылды. Шайыр мен мұнай майларынан жасалған қосылыс асфальтқа 40 мм тереңдікте еніп, оны қаттылай түседі. Бұл қоспа бюджетті 4 есе үнемдеуге көмектеседі», — дейді Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық